Облыс орталығындағы тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандар және мемлекеттік мекемелерде рейдтік бақылау жүргізілді.
Аралау барысында нысандардың тазалығы мен заңдылығы тексерілді.
Екі жүзден аса нысан бақыланған шараға қалалық «Сәулет және қала құрылысы бөлімінің» басшысы Айдос Зейнуллаұлы, Түркістан қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әбдірахман Есентайұлы, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Арман Калдарұлы және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Оралбек Абдикаликұлы қатысты.
Рейдтік шарада жарнама мен маңдайша жазуларына қойылатын талаптар түсіндірілді.
Одан бөлек, заңсыз орындарда сауда нүктелерін ашқан азаматтарға да ескерту берілді.