Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістанның туризм саласында жүйелі жобалар жүзеге асырылуда

Түркістанның туризм саласында жүйелі жобалар жүзеге асырылуда

Түркістан қаласына келушілер саны жыл сайын артуда. Облыс орталығының туризм саласында жүйелі жобалар жүзеге асырылуда.
Тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында шаһардағы Күлтөбе қалашығының тарихи нысандары қайта жөндеуден өткізілуде. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің аумағына абаттандыру жүргізіліп, «Қожа Ахмет Яссауи», «Жұма мешіті», «Есім Хан» және «Рабия Сұлтан Бегім» кесенелері мен қақпалары қайта қалпына келтірілуде.
Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, шаһарға жыл басынан бері 1257,7 мың турист келген. Оның 99,7 пайызы ішкі туристтер болса, 0,3 пайызы шетелден келгендер.

Пікір жазу