Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістанда қоғамдық маңызы бар кездесу болып өтті

Түркістанда қоғамдық маңызы бар кездесу болып өтті

Түркістан қаласындағы білім беру ұйымдарында «Е-Асхана» Пилоттық жобаны егжей-тегжейлі түсіндіру мақсатында қоғамдық маңызы бар кездесу өтті. Жиынға мектеп директорлары мен ата-аналар қатысты.

Осыған орай қалада «Е-Асхана» пилоттық жүйесі іске қосылмақ. Осы орайда, Төле би атындағы №19 жалпы орта мектебі мен №28 мектеп-лицейі таңдалып алынған. Жобаның тиімділігі — балаңыздың мектепте қандай сусын немесе тағам тұтынғанын ұялы телефоныңыздағы қосымша арқылы көре аласыз.
Көпшілігі жүйенің тиімділігі жоғары екендігіне сенімді. Солардың бірі — екі перзенті бастауыш сыныпта білім алатын Ақтолқын Ержігітова. Жоба жүзеге асырылса, ұл-қызының мектеп асханасынан сатып алған асын қадағалап, тіпті күнделікті қаражат беру шегін белгілеуге болады.
«Жүйенің пайдасы орасан екені көрініп-ақ тұр. Арнайы мамандар мектептерде құрылғыларды таныстырды. Түркістандық балалар цифрлық жүйеге үйренуі керек. Жалпы қалалардағы мектептерде орнатылған жүйе республикамызда көң көлемде танылып, қолданыста», — дейді Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова.
«Е-асхана» менеджері Әлібек Қалдыбековтің айтуынша, ата-ана баланы жүйеге тіркегеннен соң QR-код беріліп, баланың күнделікті тамақтануына арнап ай сайын немесе күн сайын мүмкіндігіне қарай ақша салып қояды. Оқушы асханаға QR-код арқылы төлем жасайды. Тиісінше, ата-аналары баланың қандай тағам мен сусын алғанын, бағаларын, құрамын бақылауда ұстау мүмкіндігі бар.

 

Пікір жазу