Облыс орталығы Түркістан қаласында медицина саласы дамуына еңбек сіңірген дәрігер — Жаримбетова Зираш Қазыбекқызын еске алуға арналған қоғамдық маңызы бар волейболдан қалалық ашық біріншілік өтті.
Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өткен бәйгеде 12 медицина мекемесі бақ сынасты.
Жарыс нәтижесінде командалық есеп бойынша:
1-ші орынды — Түркістан облыстық «Жедел жәрдем» қызметі
2-ші орынды — Халықаралық Хожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің емханасы
3-ші орынды — Түркістан қалалық емханасы иеленді.
Жаримбетов Зираш Қазыбекқызы — 1965 жылы туылған, терапевт дәрігер.
Үш перзенттің анасы. Жиырма жылдан аса уақыт қаланың медицина саласында басшылық қызметте жұмыс істеген.