Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА «DIGITAL TURKISTAN» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА «DIGITAL TURKISTAN» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР

Бүгінгі таңда Түркістан облысында «Digital Turkistan» тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Аталмыш жобада бірнеше қосымшалар жұмыс істейді. Бұл туралы Түркістан облысы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеді.
Басқарма басшысының хабарлауынша, қазір «109» Call-орталығы Түркістан облысы бойынша жұмыс істейді. Call-орталығына шілде айынан бастап 11 мыңға жуық өтінім келіп түскен.
Бұдан бөлек, 943 мектепте 2500 бейнебақылау камералары орнатылып, жедел басқару орталықтарына барлығы 6000 бейнебақылау камералары қосылған. Мемлекеттік қызметкерлердің кабинеттеріне 2524 камера орнатылған. Ал, облыс және қала аумағында 266 «Сергек» камералары қосулы.
Шаһардағы 7 835 құрылғы 5G Kcell желісіне қосылса, қоғамдық орындарда 32 тегін Free Wi-Fi нүктелері жұмыс істеуде. Сонымен қатар, 2Gis, Amazing Turkistan, Yandex қосымшалары мен SOS батырмалары өз қызметін атқаруда.

Пікір жазу