Түркістан қаласындағы А.Байтұрсынов жалпы орта мектебінде 1 қазан — Қарттар күні және «Балалар жылы» аясында «Балалар мен жастардың сөз және мінез құлық мәдениеті» тақырыбында үлкенді сыйлау, әдептілік пен инабаттылықты жастар бойына сіңіру мақсатында 8-9 сынып оқушыларына арнайы жиналыс өткізілді.
Бала бойындағы қасиеттер, адамгершілік құндылықтар — отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада қалыптасады. Бала тәрбиесінде мектептің атқаратын рөлі де зор.
Жиынға ақсақалдар алқасының мүшесі Абдужаппаров Рысбай және мектеп инспекторы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен оқушылар қатысты.
Шарада жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде оқушылар да сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
Тәуелсіз еліміздің ұлдары мен қыздарының жан-жақты дамыған, өзіндік пікірі бар, жерін, ата-анасын, ұстазын құрметтейтін азамат болуына бірге атсалысайық!