Былтыр Түркістанда туристер үшін іске қосылған «Amazing Turkistan» қосымшасы жаңа бөлімдермен толығып жатыр. Қосымша арқылы қолданушылар әуе рейстері мен пойыз кестесін біле алады. Бұл туралы Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеді.
Енді бұл жүйе түрік тілінде де ақпарат береді. Бұған дейін қолданушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат беріп келген. Жүйені бүгінгі күнге дейін 80 мыңға жуық адам жүктеп алған.
– Мұнда келушілер үшін онлайн гид, такси, дүкен, дәріхана, «Халық қатысатын бюджет», мейрамханалар, қонақүйлер, такси бөлімдері жүйелі жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, “109 – Бірыңғай байланыс орталығына” да аталған қосымша арқылы сауал жолдауға болады. Әлі де тұрғындар жайлылығы үшін жүйеде біршама бөлімдер іске қосылып, толығатын болады, — деді басқарма басшысы.
Еске сала кетсек, бүгінде шаһардағы 7 835 құрылғы 5G Kcell желісіне қосылса, қоғамдық орындарда 32 тегін Free Wi-Fi нүктелері жұмыс істеуде. «Amazing Turkistan»-нан бөлек, 2Gis, «Yandex» қосымшалары мен SOS батырмалары өз қызметін атқаруда.
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «AMAZING TURKISTAN» АРҚЫЛЫ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ МЕН ПОЙЫЗ КЕСТЕСІН БІЛУГЕ БОЛАДЫ