Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА «ГАМЛЕТ», «ҚАРАКӨЗ», «ФАУСТ» СПЕКТАКЛЬДЕРІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ГАМЛЕТ», «ҚАРАКӨЗ», «ФАУСТ» СПЕКТАКЛЬДЕРІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

25 қазан- Республика күні мерекесіне орай,  Түркістанда, қазақ сахнасында тұңғыш рет «Триптих»: «Гамлет», «Қаракөз», «Фауст» спектаклінің премьерасы өтті. Мұхтар Әуезов, Уильям Шекспир және Иоганн Гёте сынды үш алыптың шығармасы Түркістан музыкалық театрының сахнасында тоғысты. «Триптих» үш жазушының әйгілі үш туындысының сахналық нұсқасы. Бұл туындылардың жарық көргеніне ғасырлар өтсе де әлі күнге дейін өзектілігін жоймаған.
Туындының сахналық нұсқасының авторы әрі режиссері – Әлібек Өмірбекұлы, заманауи театр тіліне аударған – Мирас Әбіл, композитор – Хамит Шанғалиев. Аталмыш спектакльде махаббат атты ұғымның мән-мағынасына басқаша үңіліп, классикалық шығармаларға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік сыйлайды.
– Бұл жаңа бағытта дайындалып жатқан қойылым. Әлемдік алыптардың қатарында Мұхтар Әуезовтің «Қаракөз» пьесасы да болуға лайықты. Сондықтан да әлем мойындаған Шекспир мен Гете туындыларымен біріктірдік. Үш еңбектің ортақ дүниесі – махаббат. Әрине, дайындық процесі де оңайға соқпады. Сондықтан әрі қарай келген көрермен бағасын беретіні анық, – деді режиссер.
Үш бөлімнен тұратын спектакльді көрермен зор таңданыспен тамашалады. Әлемнің үш түрлі халқында орын алған махаббат оқиғасының көрерменге айтары бір. Елімізге танымал Нұркен Өтеуіл, Қуандық Қыстақбаев, Айнұр Бермұхамбетова, Айдана Абенова, Руслан Нұрман, Жәудір Сарыпбекова сынды театр әртістері қойылымды халыққа жеткізе білді.

Пікір жазу