Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ЖАСЫЛ ЧЕЛЛЕНДЖ» ІС-ШАРАСЫ ТҮРКІСТАНДА ЖАЛҒАСТЫ

«ЖАСЫЛ ЧЕЛЛЕНДЖ» ІС-ШАРАСЫ ТҮРКІСТАНДА ЖАЛҒАСТЫ

25 қазан — Республика күніне орай  Түркістанда «Green challenge» ағаш отырғызу республикалық шарасы өтті. Қазақстанның экологиялық қоры мұрындық болған экошара Түркістан қаласының Мырзахан Пошанов атындағы №21 мектебінде ұйымдастырылды.
Аталған шараға қалалық әкімшілік қызметкерлері мен қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің өкілдері, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшылығы мен қызметкерлері, Қазақстанның экологиялық қорының мүшелері, мектеп ұжымы мен оқушылары, қоғам қайраткерлері қатысты.
Биыл Жеңіс күні қарсаңында Астана қаласының №43 қосымша білім беру мектеп орталығы алаңында бастау алған экошара Маңғыстау, Павлодар облыстарында жалғасып, енді челленджді киелі Түркістан өңірі қабылдады.
Қазақстанның экологиялық қорының президенті Айгүл Абдуалиеваның айтуынша, биыл елімізде «Жасыл челлендж» аясында мыңнан астам табиғат жанашыры еліміздің түкпір-түкпірінде ағаш отырғызған.
Айта кетейік, ағаш отырғызу республикалық шарасы «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өтуде.

Пікір жазу