Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: АҚБАЙЛЫҚТАРДЫҢ ӨТІНІШІ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

САЙРАМ: АҚБАЙЛЫҚТАРДЫҢ ӨТІНІШІ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

Сайрам ауданы Қарасу Ауылдық Округінде «Ауыл — Ел тірегі» жобасы аясында өткен іс-шарада ақбайлықтар ауылдың кіреберісіндегі темір жол асты өткелінің жолын асфальттеп беруді сұранған болатын. Олардың айтуынша, ауа райы қолайсыздығы кезінде тозығы жеткен, ескі жолдың беті суға жиналып, сын көтермей келген. Тұрғындар және көліктердің әрі-бері өтуіне бірнеше жылдан бері айтарлықтай қиындық туғызып отырған.
Бүгінде бұл мәселенің оңтайлы шешімі табылып, ауыл тұрғындарын қуантуда.
Ауылдық округінің әкімі Дамир Сыдыковтың ұйымдастыруымен,
жергілікті кәсіпкер Еркін Адхамов бастаған кәсіпкерлер қолдауларын көрсетіп, көмек қолын созды. Алдымен 200 метрге жуық жол бөлігінің беті қырылып, қиыршық тас төселіп, тегістелді. Соңынан асфальт төселді. Осы жұмыстарға 15 адам, 4 техника жұмылдырылды.
Ауыл әкімі белсенділерімен бірге ауыл кәсіпкерлеріне ризашылықтарын білдірді.
— Ауылымызда асар жолымен басталып, біткен жұмыстың қайыр берекесі көп болсын! Жаны жайсаң, жүрегі жомарт, қайырымды жандарға жерлестерімізбен бірге алғысымызды жеткіземіз. Бұл біздің ынтымағымыздың белгісі. Көпшілікке, әсіресе жастарымызға үлгі боларлық тірлік жасадыңыздар. «Игі істің басына — жақсы келер қасына» деген сөз Сіздерге арналған деп айтқан артық емес.

Пікір жазу