Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Тәртіпті елге — бақ қонар

Тәртіпті елге — бақ қонар

Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан «Е.Сарманов» атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжінің мәжіліс залында “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сайрам аудандық филиалының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес, жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, әлімжеттіктің алдын-алу мақсатында «Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында аудандық филиалының басшысы Б.Айтбаев, Сайрам ауданның құрметті азаматы, мәдениет қайраткері С.Темірбаев және аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі Ғ.Медеуовтер студенттермен кездесті .
Кездесуде сөз алған Ғалым Медеуов: 2022 жылдың 10 ай көлемінде аудан аумағында аутодеструктивтік мінез-құлықтың (өз-өзіне қол жұмсау) отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.
Сайрам ауданының аумағындағы жалпы жасөспірімдердің саны 75633 құрайды, ал оның 32118-і мектеп қабырғасындағы балалар болып табылады. Қазіргі таңда аудан аумағында орналасқан 78 мектеп оқушылары және 7 колледж студенттерімен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылы Сайрам ауданы аумағында аутодеструктивті мінез-құлық (өз-өзіне қол жұмсау) жалпы аудан тұрғындары арасында 64 факті тіркелген. Талпынғаны 40. Аяқталғаны 24.
Әрбір орын алған өз-өзіне қол жұмсау фактілері бойынша зерделеу, анықтау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда 95% себептері анықталды.
Аудандық отбасылық сотпен бірлескен меморандум нәтижесінде сотқа берілген ажырасу бойынша әрбір арыздар мен өтініштер бойынша психологтар мен инспекторлардың жұмыс жүргізу нәтижесінде 2022 жылдың 10 айында 1300 отбасы құрылып 74 ажырасқан.
Сонымен қатар көмекке мұқтаж болып келген азаматтармен жұмыс жүргізудің нәтижесінде жасөспірімдерге жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылық анықталып, ата-аналарына ҚР ҚК 110 бабының 2-ші бөлігі бойынша аудандық полиция басқармасына жинақталған құжаттарды жолдау нәтижесінде 1 қылмыстық іс қозғалды, 302 азаматшаға қорғау нұсқамасы мекемеаралық қарым-қатынастың көмегімен полиция қызметкерлерімен алынды. 181 әкімшілік іс қозғалып, 31 әкімшілік іс 73 бап бойынша соттан өтті. 48 жайсыз отбасылармен қадағалау жұмыстары жүргізіліп, осы отбасылардағы жасөспірімдер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болмау үшін бақылауда тұрғанын айтты.
Сейдулла Темірбаев өз сөзінде: Бұл өмірде тап-таза әрі тура айналармен қатар, бет-жүзімізді қисық етіп, кішірейтіп немесе шектен тыс үлкейтіп көрсететін айналар да кездеседі. Өмірде кездесетін достар да сол секілді. Олардың арасында сенің шынайы бет-бейнеңді көрсетпеуге тырысатындар да бар. Ондай достардың жалған мақтауын есіткен кезде кеудеңді мақтаныш пен масаттану сезімі кернеп, өзіңді кемел адам екенмін деп ойлайсың.
Кейбірінің кемшіліктеріңді аяусыз бетіңе баса бергені соншалықты болашақтан үмітіңді үзіп, өзіңді түзетуге де зауқың соқпай қалады — деді.
Базарбай Мамадиярұлы: «Адамның күні адаммен» дегендей, Алла Тағала адам баласын бір-біріне мұқтаж етіп жаратқан. Шер тарқатып, мұңын шағатын, ойнап-күліп көңіл көтеретін, әрбір істі ақылдасып кеңесетін, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос керек. Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Сондықтан жақсы достың өмірде алар орны ерекше деп сөзін қорытындылады.
Кездесу барысында қатысушылар ойларын ортаға салып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауаптарын алды.

Пікір жазу