Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндетіміз!

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндетіміз!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл қарсаңында 2022 жылды «Ба­лалар жылы» деп жариялап, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қол­дау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма бер­ген еді. Мемлекет басшысы: – Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз ,– деп, бұл жылда істелетін жұмыс нәтижесін құр даңғыра сөзбен емес, нақты іспен көрсету керектігін ескерткен болатын.
Осыны негізге алған Түркістан қалалық полиция басқармасы мен Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы және “Адами әлеуетті дамыту” бөлімімен бірлесе отырып түнгі рейд өткізілді.
Бүгінде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің беймезгіл уақытта көңіл көтеретін орындарда сайран салып жүретіндері жасырын емес. Дәстүрге айналған кезекті шара барысында ойын-сауық орталықтарында кәмелетке толмаған балалардың болмауын тағы бір тексеріп шықты.
Интернет клубтар түнгі мезгілде жасы 18-ге толмаған жасөспірімді кіргізбеуі керек. Ал, дәмханаларда жасөспірімдер ата-ананың қарауынсыз болмағаны абзал. Осы мәселелер кәсіпкерлік нысандарының иелеріне де ескертілді.
Түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүрген жасөспірімдер анықталса, олардың ата-анасына айыппұл салынады. Мұндай рейдтік шаралар Түркістанда тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Пікір жазу