Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ЖҮРЕККЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ЖҮРЕККЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

Бүгінде күрделі оталар өз елімізде, оның ішінде Түркістан қаласында жасалуда.
Облыс орталығындағы «Cardio-Turkestan» емханасына 1964 жылғы науқас сол жақ кеуде тұсы, бас айналу, әлсіздік, шаршағыштық шағымымен жүгінген.
Емхананың мәліметінше, пациентті бірнеше жыл бойы артериялық гипертензия, жүректің әлсіз соғуы мазалаған. Осы ретте, науқас амбулаториялық негізде ХМ ЭКГ зерттеуінен өткен. Нәтижесінде, жүректің коронарлық артерияларының зақымдануын анықтау үшін коронарография және тұрақты кардиостимуляторды имплантациялау ұсынылған.
– Пациент жоспарлы түрде «Cardio-Turkestan» емханасына емделуге жатқызылды. Науқасқа бірінші кезеңде жүргізілген коронарография барысында коронарлық артерияның бітелуі анықталып, сол артерияға стент жасалды. Келесі аптасында екінші кезеңде тұрақты екі камералы кардиостимулятор имплантацияланды. Операциядан кейін науқастың жағдайы жақсарып, санаулы күндерде үйіне шығарылды, – деді дәрігер Хандулла Накипов.
Сонымен қатар, орталыққа 1953 жылғы науқас жүрек тұсының ашытып ауырсынуы, әлсіздік сондай-ақ, ауырсынудың тиісті дәрі-дәрмекті қолданған соң ғана басылатыны туралы айтып шағымданған. Науқасты бұл ауру соңғы 3-4 айдан бері мазалаған.
Орталықта дәрігердің тексерулерінен кейін науқасқа коронаргорафия жасау ұсынылды. Науқас амбулаторлы тексерулерден өткен соң, жоспарлы түрде кардиохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Коронаргафияда науқас жүрегінің 2 тамыры бітеліп тұрғаны анықталды. Мұндай жағдайда науқасқа аортокоронарлы шунттау отасы жасалады. Науқасқа 5 сағатқа созылған ота барысында жүрекке 2 тамыр тігілді. Отадан кейін науқастың жағдайы жақсарып, отбасымен қауышты.
Айта кетейік, аталмыш оталар Түркістан қаласында алғаш рет МӘМС және ТМККК пакеттері шеңберінде жасалды.

Пікір жазу