Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: «ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: «ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

25 қазан — Республика күні аясында Түркістан қаласында қоғамдық маңызы бар «Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты форум өтті.
Қоғамдағы әйелдердің рөлін талқылау және жүйелік мәселелерді шешудің жалпы тәсілдерін әзірлеу мақсатында ұйымдастырылған форумға ауылдық жерде тұратын әйелдер, үй шаруасындағы аналар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, көпбалалы аналар, бюджеттік сала қызметкерлері мен кәсіпкерлер, депуатттар, қоғам қайраткерлері қатысты. Сондай-ақ Алматы, Қостанай, Астана, Шымкент қалаларынан арнайы қонақтар келді.
Форумды ашқан «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреқызы форумның жұмысына сәттілік тіледі.
Басқосуда «ORDA FM» радиосының директоры Мейрамгүл Мәдәлі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, әйелдердің ел дамуында алатын орны жоғары екендігін жеткізді. «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту қауымдастығының өкілі Жандос Әзімбай форумға модераторлық жасады.
Әлеуметтік-демографиялық прогрессті қамтамасыз етудегі әйелдердің жаңаша рөлі талқыланды. Экономикалық өсудің жаңа үлгілеріне көшуге, денсаулық сақтау мен білім беруді дамытуға, әйелдер арасында қаржылық сауаттылық проблемаларын шешуге және өзін-өзі бағалауды, жеке өзін-өзі дамытуды арттыруға арналған баяндамалар жасалды. Тақырып аясында түрлі бейнероликтер көпшілік назарына ұсынылды. Онда әр салада табысты еңбек етіп жатқан әйелдердің өмірі көрсетілді. Ал пленарлық отырыста «Әйелдер: жаңа жағдайдағы жаһандық миссия» тақырыбы талқыланды.
Жетісай ауданының іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Набаткүл Байтанаева «Ауылдық аумақтардың даму үрдістері. Әйелдерге арналған инфрақұрылым және жағдайлар» жөнінде, ал «Қостанай қаласының №3 емханасы» КМК гинекология меңгерушісі Гульнара Кожагилдина «Әйелдер миссиясы: бірге салауатты бүгініміз бен болашағымыз үшін» тақырыбын сөз етті. Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Инара Намазбаева кәсіпкерлік саласымен айналысудың қыр-сырымен түсіндірді.
Басқарманың жетекші маманы Мадина Сапахова «Қаржылық сауаттылық – отбасы бюджетін жоспарлаудың негізі» тақырыбында баяндама жасады. «Сенім жүрек» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Гүлбахира Тәжібаева «Әйелдер көшбасшылығын ілгерілету» аясында өз тәжірибесімен бөлісті. Форум қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша сұрақ-жауаппен ұласып, ұсыныс-тілектер назарға алынды.

Пікір жазу