Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Облыс орталығы Түркістан қаласында 17 жылу беру қазандық блогы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков айтты.
– Биыл қалада жылу беру маусымы 27 қазанда басталды. Қалада 17 жылу беру қазандығы бар. Бұл қазандықтар арқылы барлық 155 көпқабатты тұрғын үй, яғни 7798 пәтер жылумен қамтылып отыр. Әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан жаңа көпқабатты тұрғын үйлердегі ішкі инженерлік коммуникация жұмыстарын қадағалау мақсатында 2 мобильді жұмыс штабы құрылды. Ол 9 көше 28/2 және 36/2 көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесінде орналасқан. Сондай-ақ, тұрғындардың шағымына сәйкес, ақаулар орын алған жағдайда жедел әрекет етіп отырмыз, — деді қала әкімінің орынбасары Байдулла Жұмадуллаұлы.
Ал «Жылу» МКК-нің директоры Ерғазы Әбдірахманұлының сөзінше, әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге жылумен қамтамасыз ету мақсатында 12 қазандық блогының құрылысы жүргізілген. Ол 85 көпқабатты тұрғын үйді қамтиды. Бүгінде 6-ы жұмыс істеп тұр. Оның 4-і арқылы 39 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен және 55 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтылуда. Қалған моделді қазандық блоктары және одан жылу энергиясымен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үй құрылыстары біткен кезде іске қосылады. Бұл жерде 6 дана моделді қазандық блогі және 29 көпқабатты тұрғын үй жылу энергиясын алатын болады.
Одан бөлек, І мөлтекауданда 28 бюджеттік, 55 кәсіпкерлік заңды тұлғаларға, 52 жер телімді тұрғын үйде және мәдени-рухани орталығында 11 нысан арқылы жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, табиғи газбен қамтамасыз ететін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен келісім шарттар жасалған.
Айта кетейік, көпқабатты тұрғын үйдің пәтер иелері сервистік қызмет көрсету мекемесі немесе пәтер иелері кооперативін құрып, ортақ меншіктегі инженерлік коммуникациялық жүйе, жертөле, кіреберіс алаңшасы, шатыр және тағы басқа ортақ мүлікті күтіп-ұстау мен жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмыстар атқаруы тиіс.

Пікір жазу