Қазақстанда жылу қазандықтарын шығаратын 18 компания бар. Соның үшеуі Түркістан облысында. Әрине бұл өте аз, халыққа қажетті толықтай қамтамасыз ете алмайды. Сол себептен шетелден әкелінеді. Айта кетейік, облысымыздағы жылу қазандықтарының 60 пайызы Қытайдан, 15 пайызы Ресей, Корея елінен әкелінеді. Әрине өз елімізде өндіргенге не жетсін. Халқымыз үшін аса қажет осындай ерекше өндіріс орындарының бірін Сайрам ауданының кәсіпкері қолға алып отыр. Ақсукент елді мекенінде «Арт сапа құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қуаттылығы 100 000 шаршы метр жететін жылу қазандықтарын шығарады. Серіктестіктің Отандық өнімдердің өрісін кеңейтуге қосар үлесі бар. Сырттан тасымалдаушы көрсеткішін өзгертуге ниетте.
Кәсіпорын бастапқы кезде металл өнімдерін өндірумен айналысқан. 2008 жылдан бастап жылу қазандықтарын шығара бастады. Технологиясы немістердікі. Германиядан білікті мамандар шақырылып, заманауи үлгідегі құрылыстар іске қосылды. Мекеме директоры Нұрлан Нұрышевтың айтуынша, бастапқы кезде қаражат жағынан қиыншылықтар болған. Маман тапшылығы болғандықтан мамандарды оқытқан. Қазандық газ, дизель, көмірмен жұмыс жасайды. Жылыту қазандықтары тек жылуды ғана емес, жылы су, будыда береді.
Бу қазандықтарына мұнай өндіруші компаниялар қызығушылық танытып отырған көрінеді. «Әлі алда жұмыстар көп, дизаин бойынша жұмыс жасау керек. 65 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз»,- деді мекеме директоры. Бір ерекшелігі жылу қазандықтары он қабаттық үйге арналған болса, келер жылы он қабаттық үйдің жанына ғимарат соғылса, жылу қазандықтарында қоса беруге болады. Кәсіпорын жылына мың қазандық шығаруға қауқарлы. Қазан жылу құбырларының 400-ден астам түрі шығарылады. Өндіріс орында модульдік қазандықтар қолға алынды. Оны шағын аудандарға қоюға ыңғайлы. Оның ерекшелігі ауданын үлкейтіп кішірейтуге болады. Әрі жылжымалы, толықтай автоматтандырылған, қашықтан басқару мүмкіндігі бар. 2 жылға сертификат беріледі. Өндіріс орнына Кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетуде.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы зерттеу тобын құрып, скрининг жүргізген. Мемлекеттік бағдарламалар аясында несие алу жолдары түсіндірілді, толықтай несие алу мүмкіндігі бар екені анықталды. Скрининг мақсаты, қазіргі таңда қандай жағдайда тұр, не қажет, қандай маман қажет, қаржы қажет пе, инфраструктура жағдайы қандай екенін білу.