Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ЖОЛДАРЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ЖОЛДАРЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Сайрам ауданында «Ауыл – ел тірегі» бағдарламасы аясында ауылішілік көшелерді жөндеуге басымдық беріліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24», деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық аенттігі.

Себебі, кейбір елді мекендердегі жолдар алды 30-40 жылдан бері жөндеу көрмеген. Биыл халықтың сұрауы бойынша Ақсукент, Ақбұлақ және Жібек жолы ауылдық округінің ішкі жолдары жөнделді. Қазір Манкент ауылдық округінің көшелері жөнделіп жатыр.

Манкент ауылдық округінде 34 мың халық тұрады. 50 ішкі көше бар. Олардың 63% қанағаттанарлық жағдайда. Биыл қалған көшелерді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Ауыл тұрғындарының еңсесі көтеріліп, жүзінен қуаныш табы сезіледі. Себебі кейбір көшелер мүлдем жарамсыз болыр қалған.

Сайділдә Қасымов, Манкент ауылының тұрғыны: — Жолымыздың жасалмағанына 30 жыл болды. Ауыл ішілік көшелер шұрық тесік болып, әбден тозған еді. Күз, көктем айларында мүлде жүре алмайтынбыз. Көліктерде жүре алмай қалды. Қаншама мәрте айттық. Мүмкіндік болмады. Енді міне, асфальт төселіп, жүрісіміз жеңілдеді. Мектепке баратын балаларымыздың да аяғы таза, киімі былғанбайтын болды.

Қыс мезгілі басталғанымен оңтүстікте күн әлі суый қойған жоқ. Сондықтан мердігер мекеме асфальт жабындысын төсемесе де жер тегістеу сияқты инфрақұрылымдық жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтады.

Раушанбек Сәлімбеков, Мердігер мекеменің учаске басшысы: — Ауа райы құбылмалы болғанмен асфальттан тыс басқа жұмыстар жасалып жатыр. Құбыр қойылады, тас төселеді. Барлығын қазір істеп бара жатырмыз. Жергілікті халықпен әкімшілікпен, ЖКХ-мен, көпшілікпен ақылдасып, бірге шешіп жатқандықтан біздің жолымызға ешқандай шағым болған жоқ.

Сайрам ауданында 11 ауылдық округ, 530 шақырым ішкі жолдар бар. Оның 50% қанағаттанарлық жағдайда. Биыл 3 ауылдық округтегі негізгі 13 көшені орташа жөндеу жұмыстарына аудан бюджетінен 222 млн теңге қаржы қаралыпты.

Шухратулла Убайдуллаев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары: — 3 ауыл округ Ақсукент, Ақбұлақ, Жібек жолы ауылдарының ішкі жолдары жүз пайыз жасалды. Манкент ауыл окрігіне келетін болсақ, мемлекеттік бағдарламалар аясында халықтың ұсынысына қарай және жолдардың маңыздылығына қарай, орталық көше, халық көп жүретін жолдарды рет-ретімен ретке келтіріп жатырмыз.

Сондай-ақ биыл аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге «Ауыл – ел тірегі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге қаржы қаралған. Оған Ақсукент, Манкент және Жібек жолы ауылдық округтерін байланыстыратын 13 шақырымдық жол кеңейтіліп, күрделі жөндеуден өткізілуде.

Пікір жазу