Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА 951 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА 951 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Түркістан өңірінің шаруалары биыл егіс көлемін 860 мың гектарға жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24»сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық амгенттігі.

Сөйтіп 900 млрд-тан астам теңгенің өнімін өндірді. Жаңадан 113 гектар алқабы бар жылыжай салынды. Аймақ астық қорын ұлғайтып қана қоймай, ет өнімдерін экспортау бойынша республикада бірінші орында тұр. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «Аltyn kúz — 2022» мерекесінде өңір шаруалары шығарған өнімдер көрмеге қойылып, үздіктері марапатталды. Ордабасы ауданы Қайнар ауылында орналасқан кәсіпорын жылына 4 мың тонна құс етін өндіреді. Дайын өнім ішкі нарыққа жөнелтіледі. Күнделікті сауда сөрелеріне шығарылып отырады. Мамандар отандық өнімнің сапасы жақсы екенін айтады. «Әрі бағасы да халыққа қолжетімді», — дейді.

Махаббат Юсупов, кәсіпорын сатушысы: — Импортпен салыстырғанда енді өзіміздің отандық өнім әлдеқайда жақсы. Халық қалайды. Оны күнделікті сауда барысында байқап жатырмыз. Бір алған адам екі рет міндетті түрде қайта келеді. Бөлшектенгенде бағасы 350 теңгеден басталады. Мойыны бөлек, қанаты бөлек дегендей. Бүтіні 1250 теңгеден. Ал шеттен келетін тауық, оның ішіне не қосылғаны белгісіз. Ал сөреден тұрған мына цитрустық жемістер жергілікті жерде өсірілген өнімдер. Бағбан 4,5 гектар жылыжайға лимон, анар, жүзім өсіріп, өнімін ішкі шығарып отыр.

Назира Мұсаева, кәсіпкер: — Негізі айналысып жатқанымыз лимон. Былтыр 25 тонна алғанбыз. Биыл 35 тоннаға жобалап отырмыз. 50 соттық жерген. Ауыл халқын осымен қамтып отырмыз. Келісі 800-1000 теңгеден. Бағасы сырттан келетін өнімнен айырмашылық жоқ. Бірақ сырттан келетін өнімдер қолда өсірілген өнімге жетпейді. Шырыны көптеу болып келеді. Көлемі де үлкендеу. Әдемі көрінеді.

Жер емген шаруалар күзгі жиын-терім жұмыстарын толық аяқтады. «Аltyn kúz — 2022» мерекесінде жергілікті өнімдер көрмеге қойылып, жұртшылық назарына ұсынылды. Сайрам ауданы облыста ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден көш бастады. Олар 9 айда 109 млрд теңгенің өнімін өндірген. Ал жыл соңына дейін 119 млрд-қа жеткізу көзделіп отыр. Ауданда бір мезгілде 42 мың бас мал бордақыланады. Шаруалар биыл 63 мың тонна ет өндіріп, оның 14 мың тоннасын экспортқа шығарған.

Шухратулла Убайдуллаев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары:

— Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Отандық тауар өндірушілерді қолдап, жергілікті өнім көлемін ұлғайтуды тапсырған. Осы тапсырманы орындау барысында біздің ауданда етті, сүтті, жемісті қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар іске қосылып жатыр. Ауданда жемісті қайта өңдейтін 10-нан аса консервілеу цехтары бар. Етті шикізат ретінде емес, терең өйдейтін 3 кәсіпорында шұжық басқа да өнімдер шығарылып, басқа өңірлерге жіберілуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы үкіметке алдағы 3 жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешуді жүктеді. 2023 жылдан бастап облыста ауыл шаруашылығы жобалары мен кооперация желілерін дамытуға 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беріле бастайды. Салтанатты жиында үздік шаруаларға «Еңбек ардагері» медалі мен «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, «Құрмет» грамотасы табыс етілді.

Ж.Жұмабек, Е.Әбіш

 

 

Пікір жазу