Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНЫНДА ҮШ АУЫЛДЫ ЖАЛҒАУШЫ ЖОЛҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

САЙРАМ АУДАНЫНДА ҮШ АУЫЛДЫ ЖАЛҒАУШЫ ЖОЛҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Түркістан облысының Сайрам ауданында ауданаралық жолды жөнделуге 1 млрд 551 млн теңге қаржы қаралды. Оған бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген Ақсукент, Манкент және Жібек жолы ауылдарын байланыстыратын күре жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар24» арнасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Жол құрылысы қалай жүріп жатыр? Қашан аяқталады? Сайрам ауданында 140 шақырым ауданаралық жол бар. Оның 60 пайыздан астамы қанағаттанарлық. Қалғаны жөндеуді қажет етеді. Ақсукент, Манкент және Жібек жолы ауылдарын байланыстыратын ауданаралық маңызы бар жол әбден тозған еді. Тұрғындар да бұл жолдан мезі болған. Себебі шұрық-тесік. Жақында көптен күткен көшеге жөндеу жұмыстары басталды.

Сарбар Алиев, Ақсукент ауылдың тұрғыны: — Жолдың сапасы нашарлап кеткен еді. Осы жолмен күнде жұмысқа барып келеміз. Жөндеу жұмыстары басталыпты. Жақсы болатын болды көлігіміздің ходовойларын жылына 3 рет ауыстыратын едік.

Ахмет Әбдімәжитов, Манкент ауылының тұрғыны: — Бұл жолмен Бірлік ауылы, Манкент ауылы, Жібек жолы ауылына шығып кетуге болады. Адам көп жүреді бұл көшемен. Ешқандай жөндеу көрмеген еді, енді жұмыс басталды. Сексен мың тұрғыны бар үш ауылды байланыстыратын күре жолдың ұзындығы 13 шақырым. Биыл соның 4 шақырым жөнделеді. Қалған 9 шақырымы келесі жылға өтпелі. Жалпы жоба құны 1 млрд 551 млн теңге. Биылға соның 450 млн теңгесі қаралған. Оған Ақсукент пен Манкент ауылдарының аралығы жол жөнделіп жатыр.

Шухратулла Убайдуллаев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары: — Халықтың ұсынысы бойынша мердігермен келісіп, жолдың енін 8 метрге кеңейтіп отырмыз. Керек емес жерлері жоба бойынша кете береді. Одан бөлек жолдың қалыңдығы ірі асфальт 12 см болады. Оның бетінен 6 см асфальт төселеді. Жалпы жолдың қалыңдығы 18 см болады. Жолға жауапты мамандардың айтуынша, бұдан бөлек биыл аудандық маңызы бар жолдарға қатысты тағы 4 жоба жүзеге асырылады.

Авт:Ж.Жұмабек, Е.Әбіш, Қ.Әбуов

Пікір жазу