Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНЫНДА ДИҚАН ЛИМОННАН 10 ТОННА ӨНІМ АЛУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

САЙРАМ АУДАНЫНДА ДИҚАН ЛИМОННАН 10 ТОННА ӨНІМ АЛУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

Түркістан облысының Сайрам ауданының шаруа қожалықтары жыл өткен сайын жұмыс барысында түрлі жаңалықтарды енгізіп, дүйім елді таң қалдырып отырады. Бұл жолы олар  жергілікті жылыжайларда түрлі жеміс -жидекті өсірумен ерекшеленуде.

Түркістан облысының Сайрам ауданында жергілікті диқан биыл лимоннан он тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Қарасу ауылдық округінің тұрғыны Абай Үсенов 2017 жылы 30 сотық жерге лимонның Ташкент сұрпынан 300 түп көшетін әкеліп отырғызған. Биыл цитрусты жеміс өсіретін жылыжайдағы лимон ағашы алғашқы өнімін беруде. Мамандар әр түптен 30-40 келіге дейін лимон аламыз деп отыр, деп жазады «Хабар 24» арнасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық асгенттігі.

Ал алдағы жылдары әр ағаш жүз келіге дейін жеміс беретінін айтады. Жалпы лимон қазан-қараша айларында піседі. Мұнда үнемі өнімділікті арттыру бағытында қажетті тыңайтқыштар мен дәрумендер беріліп, зиянкестер мен ауруға қарсы күтім жасалады. Жылыжайда 15 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер жылыжайды іске қосуға 115 млн теңге көлемінде қаржы жұмсағанын айтады. Бұдан бөлек жылыжайда апельсин, банан, анар ағаштары да өсіп тұр. Абай Үсенов, диқан: — Жалпы бізде банан да, мандарин де, апельсин де бәрі өседі. Күтім болса мына лимон талы құсап, өсіп, өнім береді.  Ерболат Серікбаев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы: — Басқа аудандардан, басқа өңірлерден келіп, қызығушылық танытып жатқан кәсіпкерлер көп. Үйреніп жатыр бізден, түрлі көшеттерін алып жатыр. Аудан бойынша қазір 3 гектар болса, көбейтіп, жерін көбейтіп, алда үлкен жоспарларымыз бар.

Сонымен қатар, Сайрамдық кәсіпкер саңырауқұлақ өсіріп, табысқа кенеліп отыр. Сайрам ауданы Қарасу ауылының тұрғыны Голландиялық технологиямен жабдықталған жылыжайда қозықұйрықтың жергілікті сортын егіп, кәсібін дамытуда. Кәсіпкер өткен жылы мұнда саңырауқұлақ өсіру үшін 12 бөлме жасақтаған. Әзірге соның үшеуіне 600 қапшық қозықұйрық ұрығын орналастырып, ай сайын 5 тонна өнім жинайтынын айтады. Жылына 60 тоннаға дейін өнім алуға мүмкіндік бар екен. Бағбанның айтуынша, дайын өнімге Сайрам ауданынан бөлек, Шымкент, Алматы қалалары мен Түркістан, Жамбыл облыстарында да сұраныс өте жоғары. Нұржігіт Шәріпбек, кәсіпкер: – Күніне тонна шығару үшін 12 бөлмені қосуымыз керек. Ол кезде 1 күнде 1 тонна шығара аламыз. Соны жәй-жәй қосып келе жатырмыз. Табысты-табысқа қосып, өзіміздің қаражатқа істеп жатырмыз қазір. Бір жылда бәрін қосамыз деп отырмыз.

Пікір жазу