Түркістан облысы Сайрам ауданы адами әлеуеттті дамыту бөлімі, Түркістан облысының адами әлеуетті басқармасы мемлекеттік мекемесінің бұйрығына сәйкес, 2023 жылғы ақпан-мамыр айларында облыстағы жалпы білім беру ұйымдары, мектеп – интернат, арасында «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты өнер фестивалін өткізу тапсырылған болатын.
Осы орайда, Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан №101 жалпы орта мектебінде «Жаңа Қазақстан. Күшіміз Бірлікте» атты өнер фестивалі өтті. Іс-шараның жоғарғы деңгейде өтуіне мектеп ұжымы әсіресе М.Астанова, З.Абдукадиров, ҰП Г.Сидиқова, тәлімгер Д.Ашурметова, бастауыш сынып мұғалімдері Д.Абдурахманова, Ш.Қурбанбаева, Х.Абдуллаева, Н.Қурбанбаева, қазақ тілі мұғалімі М.Иристаева, өзбек тілі мұғалімі Х.Абдисаламова, музыка пәнінің мұғалімі Ё.Тошметов, технология пәні мұғалімдері К.Парпиев, Ф.Абдираимова, Г.Холниязова, Р.Сидиғалиевтар белсене қатысып, ұйымдастырып өткізді.
«Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты өнер фестивалында оқушылар қол өнері бұйымдары мен суреттер көргезмесін ұйымдастырса, 9-Ә, 9-В, 4-В, 2-А, 3-А, 3-Б, 5-Б, 8-А, 10-Б сынып оқушылары сахналық көріністерімен, билері және өлендерімен көпшіліктің көзіне түсті,-құрметті Отандастар!
Іс-шараның мақсаты — толеранттылықты тәрбиелеу және әртүрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерттеу арқылы балалардың, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың бойында рухани-адамгершілікті дамыту; ортақ тарих, қазақтардың және барлық этностардың бір-бірін және қазақтарды қолдаудың арқасында бастан кешкен бірлескен қиындықтарды еске алу негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту.
Барлық этностар мен Қазақстан халқының мәдениеті және дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті, ұлтаралық келісімді, түрлі этностар арасындағы достықты нығайту; кешірімді болу, мейірімді болу дағдылары мен біліктерін қалыптастыру; балалардың, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылықтарын дамыту мәселесіне қоғам назарын аударту; салауатты, мәдени, еркін және жауапты тұлғаны дамыту,-болып табылады.