Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Әдістемелік қолдау көрсетілуде

Әдістемелік қолдау көрсетілуде

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушыларға кәсіптік білім беруде үлгілі білім ордасының бірі. Оқушыларға сапалы білім беру мақсатында ұстаздардың біліктілігін арттыру, жан-жақты әдістемелік қолдау көрсету мақсатында түрлі ісшаралар, сонымен қатар оқушылардың қатысуымен құқықтық сабақтар, ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылып отырады. Осы орайда білім ордасының педагог қызметкерлері арасында «Оқушыларда функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинар-практикум барысында оқушыларды кәсіпке баулу арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты орнату жолдары, инновацияларды және цифрландырудың озық практикаларын оқу процесіне енгізу және ұжымдық, топтық, жеке жұмыстарды орындату арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдары мәселелері қаралып, нәтижесінде оқушыларда қалыптастырылатын функционалдық сауаттылыққа тоқталды. Мекеменің 2022-2023 оқу жылында жұмыс жасап жатқан «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы аясында кәсіби бағдарлау жұмысын дамыту» тақырыбы аясында жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатына қол жеткізу бойынша үш айда атқарылған жұмыстарға талдау жасап, бірнеше педагогтар марапатталды.
Сонымен қатар, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру, Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу, бәсекеге қабілетті, ұжымшыл, зерделі тұлға тәрбиелеу мақсатында Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сердалиева., мед бике М.Джумалиева Сайрам АІІБ ЖПКБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Абдрасилов Абзал Нұрланұлы оқушылармен кездесу ұйымдастырды. Оқушылардың бір-біріне деген қарым – қатынастарын ізгілендіру мақсатында педагог-психолог А.Айтбаева тренинг өткізді.
Ал, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекшелігін түсіндіру, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, «бала-мектеп-отбасы» үштік одағын нығайту мақсатында Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 30-қараша күні «Бақытты бала – мәңгілік елдің болашағы!» тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті.
Конференция барысында мекеме басшысы Сәкен Әбдіәшімұлы Султанов комбинат тынысы, қызметі, жетістіктерімен таныстырып, саяхат ұйымдастырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сердалиева «Өз балаңа үлгі бол!» атты бейнеролик көрсету арқылы бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді көтерді. Іс-шараға «Сенімен болашақ» РҚБ Шымкент қалалық филиалының басшысы Асқар Копеев және практик-психолог Туранова Гулшаш Құрманәліқызы ата-аналармен отбасындағы бала тәрбиесіндегі мәселелер, оларды шешу жолдару жөнінде ой бөлісті. «Оқу-өндірістік комбинаты» КММ әкімшілігі үлгілі бала тәрбиесіндегі еңбегі үшін бірнеше ата-аналарға алғыс білдіріп, ата-ананың махабаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, осы сезімдеріңізді, осындай тілектеріңізді балаға жиі айтып жүрсеңіздер, баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер, деп сиқырлы жүрекшелер таратты.

Пікір жазу