Түркістан қаласы полиция басқармасы мен Төтенше жағдайлар басқармасының қатысуымен кезекті мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкенің мақсаты – жұртшылыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау мен мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру.
Онлайн жүздесу барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді және Халықтық кеңсе арқылы электрондық цифрлық қолтаңба алу мүмкіндігінің бар екендігі айтылып өтті.
Сонымен қатар, «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен олардың қолжетімділігі, қызмет алушылардың құқықтары туралы насихаттық жұмыстар жүргізілді. Және де қызмет алу үшін кеңсеге немесе ХҚКО бармай-ақ үйде отырып алу мүмкіндігі бар екендігі жан –жақты түсіндірілді.