Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ТҮРКІСТАН-ЭЛЬ-КУВЕЙТ» ӘУЕ РЕЙСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ҰШАҒЫ САПАРҒА АТТАНДЫ

«ТҮРКІСТАН-ЭЛЬ-КУВЕЙТ» ӘУЕ РЕЙСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ҰШАҒЫ САПАРҒА АТТАНДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» әуежайынан «Түркістан-Эль-Кувейт» бағытында алғашқы жолаушылар сапарға шықты.
Кувейт елінің астанасы Эль-Кувейт пен түркі әлемінің рухани орталығы Түркістан қаласы арасындағы тұрақты жолаушылар рейсі «Jazeera Airways» әуекомпаниясымен тасымалданады.
Рейстер аптасына 2 рет сейсенбі және жексенбі күндері «Airbus-320» ұшағымен орындалады. Ұшу уақыты — 4-4,5 сағат. Билет құны 150 000 теңгеден басталады. Бұдан былай қажылыққа аттанатын отандастарымыз Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайдан ұшуына болады.
Рейстер санының ұлғаюы және ұшу географиясының кеңеюі Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал етпек.

Пікір жазу