Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Сайрам ауданы — Түркістанда үздік, Қарабұлақ ауылы — Сайрамда үздік!

Сайрам ауданы — Түркістанда үздік, Қарабұлақ ауылы — Сайрамда үздік!

Бүгін «Алтын күз — 2022» іс-шарасында Қарабұлақ ауылдық округі ауылшаруашылық саласында 2022 жылдың нәтижесімен «Үздік ауылдық округі» атанды.
Қарабұлақ ауылының тұрғындары өздерінің еңбекқорлығымен мемлекетіміз бойынша танымал ауылдардан бірі болып есептеледі.
2022 жыл ауыл бойынша ауылшаруашылығы дамуының жаңа уақыты болды. Ауыл диқандары, ауылшарушылықтың әр түрлі салалары: картоп, бау-бақша, жүзімшілік, көкөніс, ет өнімдері өндіру, шет мемлекеттерге импорттау бойынша Сайрам ауданының жетістіктеріне қомақты үлес қосып келеді.
Қарабұлақ ауылы бойынша ауыл шаруашылығы ішінде өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығының дамуы қарқын алуда.
Ауыл тұрғындарын және еңбегі ерең азаматтарды ауданда бірінші орын алуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұның барлығы төккен тердің жемісі деп білеміз.
Қашанда адал еңбекпен жер жыртып, диханшылықпен айналысып, ауылымыздың үздік болуына ұйытқы бола білген кәсіпкерлерге және ауыл тұрғындарына айтар алғысым шексіз!
Б.Шамуратов,
Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары

Пікір жазу