Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БАР ЖАҚСЫЛЫҚ — БАЛАЛАРҒА!

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ — БАЛАЛАРҒА!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп атады. Осы ретте Мемлекет басшысы балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді. Президентіміз бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде ғана емес, балаларды қорғау мақсатында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасау керектігін тапсырды.
Осы орайда, «Балалар жылына» орай, Қайнарбұлақ Ауылдық Округінде орналасқан Түркістан облысының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне мейірім мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Жаңа жыл» мерекелік кеші аталып өтті.
Аталған іс-шара Сайрам ауданының прокуроры Даулет Тлемисовтің бастамасымен және жеке кәсіпкерлердің қолдауымен аудандағы «DIAMOND» мейрамханасында ұйымдастырылды.
Прокурор Дәулет Бекбашұлы бастаған облыстық мәслихаттың депутаты Динара Егамбердиева, Сайрам Ауданы Полиция Басқармасы бастығы Б.Зиятаев, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ж.Ділдәбеков секілді мекеме басшылары балаларды алдағы келе жатқан мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Жаңа жылдық кешті жүргізіп, ән шашып, сахналық қойылымдарын ұсынды. Сонымен қатар, кеш қонағы ретінде өңірге белгілі әншілер тобы «Миллион» командасы тамаша өнерлерін көрсетті.
Кешке келген Аяз ата мен Ақшақарды ыстық ықыласпен қарсы алған балалар аудан прокурорымен қол ұстасып, дәстүрлі хормен ән салып, жасыл шыршаны айналды.
Балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін өнер мен спортқа қызығушылығын артатын сыйлықтар берілді. Оның ішінде караоке және үстел теннисі бар. Мерекеде балалардың асыға күтетін сыйлықтарының бірі тәттілерге толған қораптар да табыс етілді.
Концерттік бағдарламамен және ойын шоуымен жалғасқан іс-шарада балалар ерекше серігіп, жүректері жылуға толып, қуанышты сезімдерімен бөлісе келе, алғыстарын айтты.

Пікір жазу