Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

САЙРАМДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметін сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған мекемеде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мекеменің ғимаратына кіруге қолайлы жағдай жасалған, яғни арнайы шақырту батырмасы бар пандус орнатылған. Мекемеге келген қызмет алушыларға электронды түрде қызмет алуына «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» қарастырылған.
Бақылау нәтижесінде тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштеріне уақытылы және сапалы қызмет көрсетудің қажеттілігі ескертілді.
Алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жалғасын табатын болады.

Пікір жазу