Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА КИНО ЖӘНЕ АНИМАЦИЯ ТУЫНДЫЛАРЫ КЕҢІНЕН НАСИХАТТАЛУДА

ТҮРКІСТАНДА КИНО ЖӘНЕ АНИМАЦИЯ ТУЫНДЫЛАРЫ КЕҢІНЕН НАСИХАТТАЛУДА

Биылғы «Балалар жылына» орай «Оңтүстікфильм» мекемесі өңірде түсірілген көркем және анимация туындыларын тұрақты түрде насихаттап келеді. Осы орайда, Түркістан қаласында білім ошақтарында кинокөрсетілім өтуде. Атап айтсақ, осы бағытта мекеме ұжымы қараша айының алғашқы жартысында түркістан қаласындағы №24 Мұстафа Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мен №26 Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебінде ұйымдастырды. Аталған оқу ордаларында 600-ден аса білім алушы жергілікті «САҚ» киностудиясының «Тоқты мен Серке», «Ордабасы – бірлік туы», «Күш атасы – Қажымұқан» сынды анимациялық фильмдерін тамашалады.
«Бүлдіршіндердің саналы ой-өрісінің дамуы жолында отандық мультфильмдердің орны ерекше. Еліміздің жарқын болашағы мен ұлт тағдырына бей-жай қарамайтын, нағыз Отаншыл, ниеттес, мүдделес ұрпақты тәрбиелеу біздің міндетіміз. Осындай шаралар арқылы өз үлесімізді қоса аламыз» дейді ұйымдастырушылар. Бұдан бөлек, «Оңтүстікфильм» мекемесі көркем және анимациялық фильмдерді насихаттау үшін «Балаларға базарлық» апталығын ұйымдастыруда. Сондай-ақ «Ұлттық кино» жобасы да өз жұмысын жалғастыра бермек. Жыл соңына дейін облысымыздың өзге де орталықтары мен мектеп, балабақшаларында көрсетілетін болады.
Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Айта кетейік, бүгінде мекеме қоржынында облыс әкімдігінің қолдауымен түсірілген «Күш атасы – Қажымұқан», «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау» анимациялық фильмдері және «Көне жетігеннің сыры» телехикаясы мен «Ұлы Жібек Жолы бойындағы көне қалалар» деректі фильмі,«Ордабасы — бірліктің туы», «Оқсыз оқиғасы», «Түркістан» анимациялық фильмі мен «Төле би» кинохикаясы, «Түркістан құпиялары» сюжетті-деректі фильмі, «Алып күш иесі – Қажымұқан!» деректі фильмі, сонымен қатар 200-дей «Қазақфильм» туындылары бар.

Пікір жазу