Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЖАРЫС ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЖАРЫС ӨТТІ

Облыс орталығы Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында балалар жылына орай қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында «Ұлы Дала Елі Орталығы» кубогі үшін тоғызқұмалақтан сайыс өтті. «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы» атты аталмыш сайысқа Түркістан қаласындағы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» үйірмесінің оқушылары қатысты.
Тоғызқұмалақ – шахмат сынды ақыл-ой дамытуға арналған ежелгі ойын. Бұл ойын түрі екі адам арасында арнайы тақтада ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестер де қолданылады. Қазақтың осындай ұлттық ойындары ата-бабамыздан бізге жеткен мұра.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды №1 Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер мектебі жеңіп алды. ІІ орынды №18 Ж.Еділбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары, ІІІ орынды №11 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары алды. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, батылдықты, тапқырлықты, ойлануды, айла-тәсілді қажет ететін күрделі ойын. Ойынды ұйымдаструдағы мақсат – балалардың ұлттық ойынға деген құрметін, қызығушылығын арттыру. Сайысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарға «Ұлы Дала Елі Орталығы» кубогы мен медаль табысталып, барлық қатысушы арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

Пікір жазу