Тәуелсіздік күніне орай Түркістан қаласындағы экобазарда палау фестивалі өтті. Онда әр бірінде 50 келіден 10 қазан палау дайындалып, халыққа тегін таратылды. Палау басқан аспаздар өзара мықтыны анықтады.
Экобазар басшылығы ұйымдастырған іс шараға өзге де кәсіпкерлер қолдау көрсеткен. Ал аспаздар ішінде шет елден келгендері де болды.
Сайыс қорытындысында түркістандықтар бірінші орынды жеңіп алып, 500 келі күріш пен 20 литр күнбағыс майына ие болды. Ал екінші орын өзбекстандық аспаздарға бұйырды. Оларға 250 келі күріш пен 10 литр күнбағыс майы берілді. Үшінші орынды Шымкент палаушылары иеленіп, 100 келі күріш пен 5 литр күнбағыс майын алды.