Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістанда «АQ Orda Ziatkerlik» мектебінің екі жылдық мерейтойы аталып өтті

Түркістанда «АQ Orda Ziatkerlik» мектебінің екі жылдық мерейтойы аталып өтті

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан қаласында «АQ Orda Ziatkerlik» мектебінің екі жылдық мерейтойы аталып өтілді.
Іс-шараға Түркістан Облысының Білім Басқармасының Дінислам Болатханұлы және қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова арнайы қатысты. Оразкүл Шайхықызы мектеп ұжымын айтулы күнмен құттықтап, педагогтардың еңбегіне шығармашылық табыстар тіледі!
Шара аясында мектеп оқушылары патриоттық ән айтып, мың бұрала би билеп өнер көрсетті. Сондай-ақ, оқушылардың қол еңбек жұмыстары таныстырылды. Ал, мектептің ұлағатты ұстаздарын О.Қолдасова «Құрмет грамотасымен» марапаттады!
Айта кетейік, білім ұясы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген. Онда 1-6 сынып оқушыларына дәріс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектепте пәндер тереңдетіп оқытылумен қатар хореография, вокал, робототехника, қаржылық сауат сынды түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Тіпті, домбыра және шахмат жеке пән ретінде енгізілген. Аталған мектептің ерекшелігі де осында.

Пікір жазу