Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАСТАРМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

ЖАСТАРМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы «Farab» әмбебап-ғылыми кітапханасында қоғамдық маңызы бар «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу болып өтті. Аталған кездесуге университет ректоры-Басқарма төрағасы А.Сакенов, Түркістан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғ.Байсариев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ доценті С.Оразбай, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары М.Халықов және дінтанушы Б.Нуриддинов қатысты.
Кездесу барысында Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу ортылығы» КММ директорының орынбасары М.Халықов баяндама жасады.
Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы: «Халықтың түзелуінің үміті – жастарда. Сондықтан, жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуін, бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс. Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі де түзелмейді» — деген. Сондықтан жастарымызға беріліп жатқан рухани азыққа аса көңіл бөлінуі керек. Әсіресе, дін атын жамылған жалған идеология жетегінен сақтандырғанымыз абзал. Себебі, жат ағымға шырмалған жастар салт пен санадан, дін мен дәстүрінен айырылмақ.
Жаңа заманның жастарының жаңа талаптарын елемеу уақыт ағымын ескермегенмен бірдей. Жаһандануда жаңғыра алып өз ұпайымызды еселеп, өзіміздің ұлттық құндылықтамызды жоғалтып емес, қайта паш ете алуымыз қажет.
Дәл қазіргі ең басты қауіп ол жастар арасында дінді бетпердеге айналдыру мәселесі, әсіресе, әлеуметтік желілер мен интернет беттерінде де бұл көрініс табуда. Осы мәселені жастар түсіне білуі аса маңызды. Ел болған соң елдігімізді айқындап, ұлттық болмысымызды сақтауымыз керек. Жас мемлекетімізге сыннан көрі, қазір ұсыныстар айту аса маңызды.
Кездесу жастарды толғандырған сұрақтар мен қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстармен жалғасын тапты. Шара еркін форматта пікіралмасу алаңына айналып, қатысушы 400-ге жуық жастардың белсенділігі байқалды.
Кездесу барысында жастарға Түркістан облысы дін істері басқармасының тарапынан жарық көрген кітаптар мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ дайындаған бүктемелер таратылды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қонақтарға алғысын білдіріп, кездесуді аяқтады.

Пікір жазу