Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістанда «Тәуелсіздік-тұғырым!» атты мерекелік шара өтті

Түркістанда «Тәуелсіздік-тұғырым!» атты мерекелік шара өтті

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен бүгін Түркістан облысы білім басқармасы мен кәсіподақтың бастауыш ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Ел Тәуелсіздігінің — 31 жылдығына орай «Тәуелсіздік-тұғырым!» атты мерекелік шара өтті.
Облыстық білім басқармасы мен кәсіподақтың бастауыш ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткен бұл салтанатты шарада өңірдегі білім саласында еселі еңбек еткен бірқатар педагогтар «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Төс белгісімен» марапатталды.
Сонымен қатар, бірқатар өңірдегі білім саласының үздіктеріне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаттары және Түркістан облысы білім басқармасының Құрмет громаталары табысталды.

Пікір жазу