Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰСТАЗДАРМЕН «ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ БАСТАУЫШ ҰЙЫМ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҰСТАЗДАРМЕН «ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ БАСТАУЫШ ҰЙЫМ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін, «Қалың қалай бастауыш ұйым» акциясы аясында Түркістан қаласы мектептерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ белсенділерінің қатысуымен №2 Хамза атындағы жалпы орта мектебінде кездесу өтті.
Акцияның мақсаты бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы мәселелерді Заң тұрғысында шешу жолдарын түсіндіре отырып, пікір сайыс арқылы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына тиімді жол табуына ұжымдағы түсініспеу арқылы туындайтын дау-жанжалдарды болдырмау мақсатында олардың алдын алу жолдарын анықтап беру, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастың заңдылықтарын Қазақстан Республикасы «Еңбек кодексіне» сүйене отырып шешу.
Жиынды «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының» төрағасы Жандос Шайдулла ашып беріп, қатысушыларға Заңды сауатты үйрету бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының басты міндеті екендігін дәлелді пікірлерімен айтып өтті.
Өз кезегінде сөз алған №2 Хамза атындағы жалпы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Исмаилов Бахадир электронды экран арқылы сағат жүктемелерін болуде мектеп әкімшілігіне берілетін қосымша сағаттардың бөлінуі туралы қатысушыларға жете түсіндіріп, әдіс алмасып, мектеп өмірінде күнделікті кездесетін мәселені өз тәжірибесі арқылы түсіндіріп өтті.
Кездесуді қорытындылаған Жандос Шайдулла кәсіподақ белсенділеріне «Қалың қалай бастауыш ұйым» акциясы аясындағы кездесулер тәжірибе алмасу және еңбек ұжымдарындағы көтерілген өзекті мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік беретінін жеткізе отырып, аталған акцияның Кентау қаласында жалғасатынын тілге тиек етті.
Жиын соңында кәсіподақ өкілдері өз ойларын ортаға салып, берері мол жиындар өте берсін деген жылы ілтипатпен қоштасты.

Пікір жазу