Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА «ОТБАСЫ ТАТУЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ОТБАСЫ ТАТУЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістан қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы татулығы» тақырыбында «Ана үйі» қоғамдық қорының жалғыз басты аналарымен кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан облысы ҚХА Медиация кеңесінің төрайымы, Халықаралық медиация орталығының директоры Лаура Ақшегірова және «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ-нің “Заң клиникасы” бөлімінің меңгерушісі Салтанат Абдукаримова қатысты.
Медиация — бұл берілген қақтығыста үшінші бейтарап, әділ, мүдделі емес тараптың — медиатордың қатысуымен дауларды шешудің баламалы нысаны. Қазіргі таңда медиацияның көмегімен экономикалық, отбасылық, еңбек, тұлға аралық, мәдениет аралық және басқа да қақтығыстарды шешуге болады.
Медиация келесі қағидаттарға сүйенеді: еріктілік, құпиялық, тараптардың тең құқықты болуы, медиатордың бейтараптылығы, сонымен қатар рәсімге кірісуді болдырмау. Медиация кімдікі дұрыс, кім кінәлі екендігін анықтауға емес, өзара тиімді шешімді іздеуге бағытталған. Осы орайда медиаторлар өз тәжірибесімен бөлісіп, аналарға кеңес берді.

Пікір жазу