Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН!»

«МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН!»

Киелі Түркістан шаһарында «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» орталығының мәжіліс залында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Республика күні» және Қазақстан кәсіподақтар күні мерекесіне орай салтанатты іс шара өтті.
Салтанатты жиынға Түркістан облысы адами әлеуметті дамыту басқарма басшысы орынбасары Нурлыбаев Нуржан Мадирайулы, “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулла, мектеп басшылары, облыс, қала бастауыш кәсіподақ төраға, төрайымдары және ұлағатты ұстаздар қатысты.
Айтулы іс-шарада білім саласында аянбай қызмет етіп жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде еңбегі сіңген ұлағатты ұзтаздарға құрмет көрсетіліп Қазақстандық салалық білім мен ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасы, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы А.Мукашеваның “Құрмет громатасы”, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамотасы, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Д.Болатханұлының “Алғыс хаты” және “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж Шайдулланың грамотасы табысталды.
Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен жалғасты. Әуезді ән, мың бұралған бишілер тобы көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жалпы білім беру саласының қызметкерлеріне және Қазақстан Республикасының азаматтарына мереке құтты болсын дегіміз келеді. Мерекелеріңізбен! Туымыз көкте желбіреп, Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын!

Пікір жазу