Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «МЕНІҢ ЕЛІМ» ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«МЕНІҢ ЕЛІМ» ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі және Желтоқсан оқиғасы ардагерлері «Азаттық рухы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ақжайық» музыка мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай «Менің елім» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауға қаламыздағы мектептерден 10-16 жас аралығындағы оқушылар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Байқаудың ашылуында сөз алған Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы ұстаздар мен оқушыларды азаттығымыздың 31 жылдығымен құттықтап, байқаудың маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде жас өнерпаздарға сәттілік тіледі.
Шара аясында, «Азаттық рухы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Зере Ешмұратова да сөз алып, байқауды ұйымдастырудағы мақсаттарына тоқталды.
Байқау барысында жас өнерпаздардың өнерлеріне белгілі сазгер, бірнеше әндердің авторы, Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Бекжігіт Сердәлі бастаған қазылар алқасы бағалап отырды.
Нәтижесінде І орынды Төле би атындағы №19 жалпы орта мектебінің оқушысы Нәзіртөре Жақсылық иеленіп, байқаудың жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, жүлделі орындарға ие болған және арнайы жүлделерге ие болған қатысушылар қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен «Азаттық рухы» қоғамдық бірлестігінің мақтау қағаздары мен сыйлықтарына ие болды.
Байқау соңында сөз алған қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Акбар Исхаков пен белгілі сазгер, қазылар алқасының төрағасы Бекжігіт Сердәлі оқушыларды жетістіктерімен құттықтап, байқау барысына тоқталумен қатар байқау қонақтары болған қоғамдық бірлестіктің мүшелері яғни Желтоқсан оқиғасының ардагерлерімен бірге оқушыларға марапаттарды табыс етті.

Пікір жазу