Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік – елдігімнің ерлігі» атты шара өтті. Шараны ашып берген Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайқықызы алдымен Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында асқан биік белестеріне тоқталды.
Жиынға қатысқан оқушылар да өз өнерін ортаға салды. Соның ішінде ұлтарақтай отаны үшін жанын қиған ерлеріміздің тәуелсіздік жолындағы ерліктері өте әсерлі болса, бейбіт елдің ұрпақтары, еркін елдің ұландары патриоттық әндер шырқады. Шараның соңынан жиналған көпшілік орталық қызметкерлері дайындаған тақырыптық көрмені тамашалады.
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 31 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Бақытымыз баянды болсын!
Сонымен қатар, Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызының тапсырмасына сәйкес, шаһардағы №31 Абай атындағы жалпы орта мектебінде «ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ» атты рухани танымдық, музыкалық композиция қойылды. Мерекелік қойылымға қалалық тарих- география пәні әдіскері Тоғжан Шайхидинова, мектеп директоры, тарих — география пән бірлестігінің мұғалімдері қатысты.