Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «Ұлттың жан жарасы – Желтоқсан» атты кеңейтілген кітап көрмесі өтті

«Ұлттың жан жарасы – Желтоқсан» атты кеңейтілген кітап көрмесі өтті

17 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні. Ел үшін еткен ерлік уақыт өткен сайын жаңара, жаңғыра түспек. Сын сағатта қара басының қамынан ел мақсатын алдыға шығара білген жандар туралы жазылған еңбектің жастарға берер өнегесі қашанда мол.

Желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында Түркістан қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлттың жан жарасы – Желтоқсан» атты кеңейтілген кітап көрмесі көпшілік оқырман қауымға насихатталды.

Мақсаты: Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген  патриоттық сезімін қалыптастыру.

Кеңейтілген кітап көрмесіне «Азаттық аңсағандар», «Ызғарлы желтоқсан», «Желтоқсан көтерілісі», Тоқтар Бейіскуловтың «Желтоқсан Ызғары», «Ер намысы – ел намысы», «Декабрь 1986», Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» т.б көптеген кітаптарға кітапханашы Ғ.Қаныбек шолу жасап,  желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында  талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете түсіндіріп өтті.

1991 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығымен Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған адамдар ақталды.

Сонымен қатар, аталған Жарлықтың 4-тармағы бойынша желтоқсанның 17-сі Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.

 

Пікір жазу