16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Осыған орай Түркістан қаласындағы Ыбырай Алтынсарин балалар кітапханасында «Тәуелсіздік – тірегім» атты танымдық сағаты өтті. Танымдық сағатта Жамал Омарова атындағы №1 саз мектебінің оқушылары Алдиярбек Әмірхан «Отаным», Өмірзақ Қайрат «Желтоқсан алаңы», Алдиярбек Мейірхан «Батырлар ұраны» атты патриоттық әндерді орындады. №136 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары «Желтоқсан ызғары» атты қойылымын қойып, әдеби композиция орындады.
Кеш барысында оқушылар патриоттық жырдан шашу шашып, 1991-2022 жылдар аралығындағы елімізде болған өзгерістерді таразылады. Желтоқсан оқиғасы, желтоқсанның ызғары, ел намысы жолында құрбан болған қайсар рухты қайраткерлеріміз туралы деректі фильм көрсетіліп, сахналық қойылым тамашаланды. Оқушылар мың бұрала билеп, әсем әндерін тарту етті. Осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан далада тұратындарын оқушылар мақтан ететіндерін жеткізе отырып, кешті «Алға Қазақстан» атты флешмобпен қорытындылады.
Сонымен бірге, еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлердің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген «Желтоқсан» оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылған «Тәуелсіздік» күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік таңы» атты саяси сағаты мектеп оқушыларының қатысумен өткізілді.
Шара барысында Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арналған «Желтоқсан ызғары» атты бейне ролик көрсетіліп. «Тәуелсіздік – тәңірдің сыйы» атты әдеби композиция орындалды. Сонымен қатар мерекеге байланысты Ержан Аянат «Оян қазақ» әні мен Тәліп Інкәр орындауында «Қазақстан» әні орындалды. Іс-шара соңында «Тәуелсіздік таңы» атты кітап көрмесімен таныстырып, «Отаным» әнімен қортындыланды.