Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістанда «Дәуірдің дара тұлғасы» атты мерекелік кеш өтті

Түркістанда «Дәуірдің дара тұлғасы» атты мерекелік кеш өтті

Түркістан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінде 28 қыркүйек Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Дәуірдің дара тұлғасы» атты мерекелік кеш болды. Мұхтар Омарханұлы Әуезов ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұр. Бұл бастаудың қайнар бұлағынан су ішіп, рухани кемелдену кез-келген ұрпақ алдындағы мызғымас парыз. Дәуірдің дара тұлғасын мектеп ұжымына, оқушылар арасында танытып қана қоймай, оның өмірлік жолы, ізденісі мен іскерлігі, қайталанбас туындылары мен белгісіз қырлары, жазушының жеті қыры мен, бір сырлылығын үлгі ету болатын.
Бұл мақсатты жүзеге асыру тек бір мерекелік шарамен шектелген жоқ, мерейтой қарсаңында жазушы шығармашылығын оқушылар арасында дәріптеп, етене таныстыру мақсатында мектеп оқушылар арасында «Үздік оқырман», «Үздік эссе» байқауы болып өтті. Байқаудан 2 аптадай уақыт алдын балалардың жас ерекшелігіне қарай жазушы шығармашылығынан мынадай туындылары оқуға ұсынылды: 5-6 сыныптар үшін «Көксерек» әңгімесі, 8-9 сыныптарға «Қараш-қараш оқиғасы» шығармаларын оқуға ұсынылып, сол оқыған әңгімелері бойынша тест сұрақтарына жауап беру арқылы, сайыс қатысушылары арасында «Үздік оқырман» анықталды. Сайысқа қатысушылар тек сол әңгімелермен шектелмей, жазушының басқа да туындыларын оқи отырып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, сыныптастарының арасынан суырылып шықты.
Сондай – ақ мектебіміздің кітапханашы Мырзабекова С. «Ұшан-теңіз білім дариясының кемеңгері» атты кітап көрмесін жасады. Бұл көрмедегі Мұхтар Әуезов шығармаларын балалар кезектесіп оқып, танысып, бос уақыттарында бір-біріне оқыған білгендерімен бөлісіп, мұғалім басшылығымен Әуезовтің басқа да шығармаларын оқуға тапсырма алды.
Мектебіміздің қазақ тілі пән мұғалімі Букенова Г. «Абайдың ұлы¬лы¬ғы мен данагөйлігін ашқан Мұх¬тар Әуезов» тақырыбында 8- сыныптармен жазушыға арнап көрініс қойды. Көрермендерді тамсандырып, жазушы өміріндегі Абайдың алатын орнын көз алдымызға бейнелей көрсете отырып, рухы биік қазақтың нағыз әдебиетін құрметтеген халық екенін дәріптеді. Мерейтой қорытындысы «Үздік оқырмандар» мен «Үздік эссе» жеңімпаздарын анықтап марапаттаумен аяқталды.
Бүгінгі қазақтың өмірі де, әлем картасында алып отырған орны да бөлек. Абай армандаған, Әуезов армандаған тәуелсіз Қазақ¬станның жаңа тарихы жазылып жатыр. Абай дегенде – Әуезов, Әуезов дегенде Абай көз алдымызға келіп тұра қалатыны бүкпесіз шындық. Ендеше бұл шындықтың тәтті балынан өскелең ұрпағымыздың да дәм татуына жағдай жасауымыз қажет!

Пікір жазу