Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендер жұмыс істейді

Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендер жұмыс істейді

Түркістан қаласы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін 14 сауда нүктелері (павильондар) жұмыс істеуде.

Павильондағы бағалар супермаркет және базардағы нарық бағасынан 15-17 пайыз арзан. Яғни, тұтынушылардың қалтасына қонымды.

Сондай-ақ, наубайханалардан жеткізілетін нан бағасына сауда үстемесі қосылмайды. Павильондар Түркістан қаласы аумағын толық қамту мақсатында орналастырылды. Бұл дегеніміз – жергілікті халықтың азық-түлік тауарларын кедергісіз алуына қосымша ыңғайлылық туғызады.

Сонымен қатар жүргізіліп отырған іс-шаралар Түркістан облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын реттеуге және оң әсер етуіне қол жеткізеді. Халық қамы үшін ашылып отырған әлеуметтік дүкендерге дүйім жұрт дән риза. Бастысы азық-түлік құны қол жетімді бағада саудаланады. Сатушылардың пікірінше, бүгінде қала тұрғындары әлеуметтік дүкендерден сауда жасағанды қалайды.

Айта кетейік, тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларына, аудан орталықтары мен ауыл округтерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін Түркістан облысы аумағында сауда павильондарын орналастыру жоспарланып отыр.

Қалалық кәсіпкерлік және туризм басқарамсы тарапынан қолға алынып отырған бастамаға жергілікті тұрғындар да дән риза.

Пікір жазу