Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістандық өнімдерді білесіз бе?

Түркістандық өнімдерді білесіз бе?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында:

– Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру. Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар:

– жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;

– бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру;

– сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу. Мұның бәрі кезек күттірмейтін бірқатар маңызды міндетті шешуді талап етеді,-деген болатын.

Бүгінде Түркістан қаласында  тұтынушының талаптарын баса назарға алып, тиімділігін ескере отырып, өз өнімдерін ұсынып жатқан кәсіпкерлер бар. Бәсекелестікке қабілетті бірқатар өнімдер бүгінде Қазақстан аумағында сатылымға шығарылып жатыр. Көпшілік біле бермитін бірақ, сапалығы шетелдік өнімдерден кем түспейтін өндірушілер көбейіп келеді. Дәл осы мақсатта қалалық мәслихат хатшысы бастаған депутаттар бірқатар кәсіпорындарды аралап, олардың жұмыс барысымен танысты. Кездесудің басты мақсаты отандық өнім шығаратын кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктерді насихаттап, қолдау көрсету болып табылады. Бұл туралы Түркістан қалалық мәслихатының баспасөз қызметі хабарлады.

Ең бірінші кезекте депутаттар 2006 жылдан бері сыртқы темір есіктерді өндірумен айналысатын Олжас Нұрғазыұлы бастаған «Қаныбекова» ЖК кәсіпорынын аралады. Арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген орында 6 адам жұмыс істейді. Темір есік өнімдерін Шымкент, Қызылорда қалаларына сатылымға шығаруда. Кәсіпорын шикізат өнімдерін өңірімізден алады. Сонымен қатар, депутаттар Сейтмаханбет Ағзам басшылық жасайтын «Qazyna mebel» кәсіпорнын аралады. 2020 жылы өз жұмысын бастаған цехта 19 қызметкер жұмыс істейді.

-Ерекше сапада, жоғарғы стандарттарға сай келетін жиһаздарға қазіргі таңда сұраныс артып, жыл өткен сайын өндірісіміз ұлғайып келеді,- дейді кәсіп орын басшысы. Шикізат өнімдерін алыс-жақын шетелдерден алдырта отырып, тұтынушылардың талаптарын ескеріп, қолжетімді бағада өз өнімдерін шығарып жатыр.

Түркістан қаласында жиһаз өнімдерін бөлек тағам түрлерін ұсынатын кәсіптер де дамып келеді. Шаһарға өз өнімдерімен танымал, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының “Халал” сертификатын алған «Daily food» фастфуд тағамдар желісінің жұмысымен таныстық. Жоғары стандарттарға сай, барлық талаптарды қамтыған кәсіпорын өзінің тың жоспарларымен бөлісті. Қаламыздың төрт мөлтек аудандарында оранласқан «Daily food» тағамдар желісі алдағы уақытта өз жұмыстарын бұдан әрі дамытып, Қазақстан мен шетелдік нарыққа шығаруды жоспарлауда. Сонымен қатар, «Daily food» өз тұтынушыларына жаңа форматтағы логотиппен нарыққа шыққалы жатыр. Фастфуд желісі жаңа бастамамен “selfservice” қосымшасын ұсынбақ. Яғни онда тұтынушылар өз-өзіне қызмет көрсету арқылы өнімді тұтына алады. «Daily food» фастфуд желісі «appstore» және «playmarket» беттеріне жаңа бағдарламаларын шығаруды жоспарлауда. Ол бағдарламада негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істейтін болады.

Пікір жазу