Түркістан қаласындағы Фараб кітапханасында Түркістан жоғары медицина колледжінің ұйымдастыруымен және аталмыш колледж студенттерінің қатысуымен Түркістан қаласы жастарының форумы болып өтті. «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» деп аталатын жастарға шабыт пен сенім сыйлаған шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан жоғары медицина колледжінің директоры Ғалымжан Бимурзаев, қалалық мәслихат депутаты Жансерік Жұман және Түркістан жоғары медицина колледжінің жастар ісі маманы Бақдәулет Сейтжановтар қатысты.
Жалпы ауқымды шараның мақсаты жастарды патриоттық сезімге баулу, қоғамдық-саяси өмірге белсенділігін арттыру, өздерінің қоғамдағы рөлін бағалауға үйрету.
«Мемлекетімізде қабылданып жатқан бағдарламалар мен жасалып жатқан жарқын істердің барлығы құрметті жастар өздеріңіз үшін. Болашақ жастардың қолында. Ары қарай да қаламыздың дамуы мен өркендеп өсуі жолында барлықтарыңыздың қосар үлестеріңіз мол деп нық сеніммен айта аламын. Біз сіздерге сенеміз», -деді қала әкімі Н.Тұрашбеков.
Жиында: «Жастар форумын Түркістаннан бастау алып, одан әрі республикалық деңгейде өткізуге басқа да облыс, қаланың жастары мен біріге бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырамыз», – деген ойын тілге тиек етті Түркістан жоғары медицина колледжінің директоры Ғалымжан Нұрманұлы.
Аталған шара барысында патриот-тық сезімге толы әндер шырқалып, бейнеролик көрсетіліп, мың бұрал-ған бишілер өнерлерін ортаға салды.