Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Әкім орынбасары футбол клубының ойыншыларын қабылдады

Әкім орынбасары футбол клубының ойыншыларын қабылдады

Бүгін Түркістан қаласының әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев ”Тұран-2010” футбол клубының ойыншыларын қабылдады.
Кездесу барысында қала әкімнің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы команда мүшелері мен бапкерлерге сәттілік тілеп, шаһарда жеңіске жетуге футболшылардың барлық мүмкіндіктері бар екенін еске салып: « Футбол — бұқаралық спорттың мейлінше кең таралған, танымал түрі. Сондықтан Сіздердің жеңістеріңіз барша түркістандықтар үшін елеулі оқиға деп білемін. Спорт – денсаулық кепілі. Жас ұрпақтың дені сау болса, ұлтымыз әрқашан бәсекеге қабілетті болмақ. Сол себепті бүгінде мемлекет бұқаралық спорттың дамуына, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына барынша жағдай жасап отыр»- деді Ерлан Күзембаев.
«Тұран» футбол академиясының спортшылары биыл Грекияда өткен халықаралық жарыста 6-шы орынды иеленді. Әлемнің үздік клубтарына қарсы ойнаған саңлақтардың жастары небәрі 10 және 12 жаста.
Одан бөлек,жас футболшылар республикалық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы.
Бас бапкері Мустафаев Марат.

Пікір жазу