Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ОН ЖЕТІ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНЫ САЛЫНДЫ

ШЫМКЕНТ: ОН ЖЕТІ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНЫ САЛЫНДЫ

Үшінші мегаполисте 2022 жылы жалпы аумағы 1 млн 60 мың шаршы метр баспананы пайдалануға тапсыру жоспарланған. Оның ішінде құрылыс басқармасы тарапынан салынатыны – 152,5 мың шаршы метр, ал инвесторлар есебінен – 467,5 мың шаршы метр үй.
Атап айтқанда, былтыр құрылыс басқармасы тарапынан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 239,2 мың шаршы метрді құрайтын 2 972 пәтерлі 51 көп қабатты үй салынады деп жоспарланған. Оның ішінде Тұран шағына уданында – 41 үй, әкімшілік-іскерлік орталығында – 8 үй, ал Арғынбеков көшесінің бойында – 2 үй. Арасында арендалық 20 үй, кредиттік 31 үй бар.
Басқарма өкілдерінің мәліметінше, былтыр арендалық бағытта – 14, кредиттік бағытта – 19 үй, жалпы 1 860 пәтерлі 33 үйді тапсыру жоспарланып, жыл қорытындысы бойынша жоспар толық орындалды. Ал жалпы ауданы 83,5 мың шаршы метр құрайтын 1 112 пәтерлі 18 үйдің құрылысы 2023 жылға өтпелі.
Сонымен қоса, былтыр қала аумағында 17 инженерлік инфрақұрылым нысаны салынды. Оның алтауы жыл қорытындысымен пайдалануға тапсырылып, жоспар толық орындалды. Қалған 11 нысан 2023 жылға өтпелі.
2022 жылы құрылыс басқармасы тарапынан мемлекеттік бюджет есебінен әлеуметтік саладағы 22 нысанның құрылысы жүргізілді. Былтыр жалпы 7 нысанның құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, жалпы 1 725 орынды құрайтын 5 мектепке қосымша оқу ғимараттары білім басқармасының теңгеріміне өткізіліп, қала оқушыларының сапалы білім алуына жағдай жасалса, 1 саябақ пен 1 ауыл шаруашылығы нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Қалған 15 нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі.
«Шымкент келбеті»

Пікір жазу