Шымкент қаласындағы Жүрек орталығында жылдан жылға жоғары технологиялық оталар саны артуда, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салысытрғанда 100 адамға артық.
Бұл туралы «Шымкент жүрек орталығы» КеАҚ басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы Сүйгенбаев Дархан брифинг барысында мәлімдеді. Спикердің айтуынша, 2022 жылы емдеу орталығында 555 науқастың жүрегіне ашық түрде ота жасалған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салысытрғанда 100 адамға артық. 2022 жылдың тамыз айында кардиология бағыты бойынша медициналық ұйымда ахуалдық орталық ашылған. Ахуалдық орталық кардиология саласындағы мамандандырылған қызметтердің жұмысына жедел мониторинг жүргізіп, емдеу жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік берді. Бұл бағытта 44 амбулатория мен 3 ауруханада кардиологиялық кабинеттер ашылды. «Шымкент жүрек орталығы» бүгінде жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің инновациялық әдістерін енгізу, мамандар даярлау және оқыту орталығына айналған. Қазіргі таңда орталық созылмалы жүрек жетіспеушілігін емдеудің хирургиялық әдістерін меңгеріп, жүрекке түрлі инновациялық ота жасауда көш бастап тұр. Бүгінге дейін мұнда созылмалы жүрек аурына шалдыққан 8 науқасқа LVAC аппаратын орнату операциясы жасалған. Бұған дейін аталған ота түрі, яғни жүрекке түрлі инновациялық ота жасаутек Астана қаласында жасалатын дейді мамандар.
Айта кетейік, 2018 жылдан бастап елімізде созылмалы жүрек жетіспеушілігін емдеу бойынша жол картасы бағдарламасы іске қосылды. Оның шеңберінде созылмалы жүрек ауруларын емдеу бойынша оңтүстік өңірінде 13 кабинет ашылған. Бұл кабинеттерде медбикелер жүрегіне ота жасалған науқастарға медициналық көмек көрсетеді.