Еңбек адамы айдарының бүгінгі кейіпкері — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Байболова Шолпан Ерназарқызы. Ол 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Байжансай елді-мекенінде дүниеге келген. 1994 жылы Қарағанды қаласында Казақ потребкооперация институтын тәмамдап, «Азық-түлік және өндірістік тауарлардың тауартанушы-коммерсанты» мамандығын алды. Ал 2012 жылы ОҚО педагогикалық университетін бітірген, мамандығы «Қазақ тілі және әдебиетінің бакалавры». Сонымен қатар, 2019 жылы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бітірген, мамандығы «Құқық бакалавры, заңгер».
Байболова Шолпан Ерназарқызы еңбек жолын 1988 жылдың тамыз айынан ОҚО Түлкібас ауданы Ванновка ауыл тұтыну кооперациясының сатушысы қызметінен бастаған. Шымкент қ. Дзержинский ауданының комсомол комитетінің Шымкент кооператив техникумы комсомол комитетінің хатшысы болып тағайындалған. Түлкібас аудандық тұтыну кооперациясында сатушы, «Нан» фирмалық дүкенінің меңгерушісі, Түлкібас нан зауытының дайын азық-түлік қойма меңгерушісі болып қызмет атқарған. Шымкент қ. «Арман» ЖК товаровед-коммерсанты болып жұмыс жасаған. Түлкібас ауыл шаруашылығы басқармасының бас диспетчері қызметін атқарған. Шымкент қ. Еңбекші аудандық салық комитетінің салық аға инспекторы болып қызмет атқарған. «Түлкібас» тұтыну бірлестігінің бухгалтері болған.Түлкібас аудандық статистика басқармасы бастығының орынбасары болып қызметін атқарған. ОҚО Ішкі Істер департаменті, Түлкібас АІІБ ІІБ штабисты және төлқұжатшысы болып қызмет атқарған. ОҚО Спорт және дене шынықтыру департаментінің, ОҚО Туризм және спорт департаментінің, ОҚО дене тәрбиесі және спорт басқармасының кадрлар бойынша бас маманы болып қызмет атқарған.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті ОҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің ұйымдық-бақылау және кадрлармен қамсыздандыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті ОҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің персоналды басқару бөлімінің бас маманы. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департаментінің персоналды басқару қызметінің бас маманы болып қызметін атқарды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департаментінің персоналды басқару қызметінің бас маманы болып қызметін атқарды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің персоналды басқару қызметінің бас маманы болып қызмет атқарды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы болып қызмет атқаруда.
Дипломатиялық қарым-қатынасқа бейімді, азаматтармен жұмыс істеу қабілеті жоғары, адал, сыпайы, ұжым арасында сыйлы да беделді — Шолпан Ерназарқызының жалпы жұмыс өтілі 35 жыл. Ол жұмысын жоспарлап, алдына міндеттер қойып, оны нақты орындайтын жан. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтегі жұмысымен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысады.
Шолпан Ерназарқызы 14 жылдан астам департаменттің кәсіподақ және қоғамдық жұмыстарын жүргізіп, барлық салтанатты және ресми шаралардың ұйымдастырушысы болып табылады.
2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында республикалық кәсіподақтар бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2021 жылғы «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» медалімен марапатталды. 2022 жылы Қызмет салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Қүрмет» грамотасымен марапатталды.
Бүгінде кейіпкеріміз үлгілі ана, екі қыз және бір ұл, үш немере тәрбиелеп отыр.