Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АУДАРЫСПАҚ — ҰЛТТЫҚ СПОРТЫ ЖАСТАРДЫ КҮШТІЛІК ПЕН ТӨЗІМДІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙДІ

АУДАРЫСПАҚ — ҰЛТТЫҚ СПОРТЫ ЖАСТАРДЫ КҮШТІЛІК ПЕН ТӨЗІМДІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙДІ

Шымкенттегі Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар қатары ұлттық өнер мен ұлттық спорт түрлерімен ұлықталды. Қазақстанның барлық өңірлерінен спортшыларымыз келіп, осы ұлттық спорт түрлерін, құндылықтарымызды жоғары деңгейге көтерді. Атап айтқанда аударыспақ ойыны мерекенің шырайын одан әрі асыра түсті. Ұлттық спорттың бұл түрі спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап етеді.

Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған.

Аударыспақ ұлттық спорты бойынша АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ қорытындысы:

60 келі салмақта:
1-орын Серғазин Азамат, Ақтөбе облысы
2-орын Данай Бекзат, Шымкент қаласы
3-орын Бектұрғанұлы Орынбасар, Жамбыл обл.
3-орын Турдубеков Жекшенбек, Қырғызстан
70 келі салмақта:
1-орын Ержанов Шыңғысхан, Ақтөбе облысы
2-орын Ләтіпбек Алмат, Түркістан облысы
3-орын Райхан уулу Бактығұл, Қырғызстан
3-орын Пернебек Еламан, Шымкент қаласы
80 келі салмақта:
1-орын Өткелбай Дарын, Түркістан облысы
2-орын Бекуыс Берік, Шымкент қаласы
3-орын Ғалел Рамазан, Ақтөбе облысы
3- орын Бузурманкул уулу Калыбек, Қырғызстан
90 келі салмақта:
1-орын Рахматілла Есімхан Түркістан облысы
2-орын Сүйеубаев Алтай Ақтөбе облысы
3-орын Тезекбаев Мұрат, Алматы облысы
3-орын Оспанов Нұрболат, Шымкент қаласы
90 келіден жоғары салмақта:
1-орын Сағымбаев Арман Ақтөбе облысы
2-орын Қосалиев Біржан Түркістан облысы
3-орын Бекбосынов Ербұлан, Шымкент қаласы
3-орын Қосымбек Аятбек, Шымкент қаласы

Пікір жазу