Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: «ҰЛЫ ҚАЗАҚ ОЙЫНДАРЫ» ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ШЫМКЕНТ: «ҰЛЫ ҚАЗАҚ ОЙЫНДАРЫ» ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Шымкент қаласында Наурыз мерекесінде «ҰЛЫ ҚАЗАҚ ОЙЫНДАРЫ» этнофестивалі ұйымдастырылып, ұлттық ойындарға еліміздің бірнеше қалаларынан спортшылар қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл-күй сыйлады. Ұлттық ойындардан өткен жарыстардың қорытындысына көз жүгірте кетсек:

«Ұлы қазақ ойындары» өз мәресіне жетіп, 1 орын — Шымкент, 2 орын — Алматы, 3 орынды — Жамбыл, Түркістан облыстары бөлісті, 4 орын — Астана, Ақтөбе  қалаларына бұйырды.

Асық ату ұлттық спорты ептілікке баулиды.
«ҰЛЫ ҚАЗАҚ ОЙЫНДАРЫ» этнофестивалінде Асық ату ұлттық спорты көрермендердің балалық шағын еске түсіріп, ұлттық ойынды тамашалады. Бұл ұлттық спорттың түрі – әр өлкеде әртүрлі ерекшеліктерін сақ­тай отырып дамыған ұлттық ойындардың ішінде аса танымалы және қазақ халқы­ның дәстүрлі ұлттық ойын­дарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі.
Асық ату ұлттық спорты бойынша
1- орын Анарбеков Нұржігіт, Шымкент қаласы
2-орын Нурланов Жомарт, Павлодар облысы
3-орын Молжігітов Нурқанат, Шымкент қаласы.
ЕРЖІГІТТІ ЕПТІ ЕТКЕН ТЕҢГЕ ІЛУ ҰЛТТЫҚ СПОРТЫ
 Теңге ілу ұлттық спорты да халықты назардан тыс қалдырмады. Ертеде қолданып келе жатқан ұлттық спорттың түрі кеңінен қолданысқа ие. Көршілес елдер бұл спорттың түрінен де өз бақтарын сынады.
Теңге ілу ұлттық спорты бойынша
1-орын Серіков Бекнұр, БҚО
2-орын Тастемір Досжан, Түркістан облысы
3-орын Төлтай Бақыт, Шымкент қаласы
ЖАМБЫ АТУ – ЖАУЫНГЕРЛІК ӨНЕР
Жамбы ату ұлттық спорты да халықты қызықтыра түсті. Ұлттық спорт бойынша 3 стилден тұратын сайыста спортшылар өз өнерлерін көрсетті.
Жамбы ату, Түрік стилі
1-орын Battulga Otgon- Ulzii, Mongolia
2-орын Yeralkhan Aikoz Kazakhstan, Түркістан облысы
3 орын Bakdovlet Babozhan
Kazakhstan
Жамбы ату (Корей стилі)
1 орын Айтбек Сарбай, Қазақстан, Түркістан облысы 2 орын Темужин Тсогткуу, Монғолия
3 орын Ералхан Айкөз, Қазақстан, Түркістан облысы
Жамбы ату, Қазақ стилі
1-орын Bakdovlet Babozhan, Kazakhstan
2 орын Aytbek Sarbai
Kazakhstan, Түркістан облысы
3 орын Yeralkhan
Aikoz Kazakhstan, Түркістан облысы
Жамбы ату, Үш стилінің қосқандағы нәтижесі.
1-орын Bakdovlet Babozhan, Kazakhstan
2 орын Yeralkhan Aikoz Kazakhstan, Түркістан облысы
3-орын Aytbek Sarbai Kazakhstan, Түркістан облысы
ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУ — ҚАЗАҚТЫҢ РУХЫН ОЯТАТЫН СПОРТ ТҮРІ
«ҰЛЫ ҚАЗАҚ ОЙЫНДАРЫ» этнофестивалінде дәстүрлі садақ ату ұлттық спорты кеңінен насихатталды. Бұл ұлттық спорттың түрі – ­ата-бабамыздан қалған өнер. Осы спорттың арқасында қазақтың ұлттық киімі, садақ, оқ жасау өнері де жаңғырып келеді.
Дәстүрлі садақ ату бойынша
1-орын Қазақстан Республикасы құрамасы
2-орын Қырғызстан
3-орын Ұлытау облысы
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ
Қызықты әрі терең ойлауды талап ететін, халқымыздың даналығын көрсететін ұлттық ойындардың бірі – тоғызқұмалақ.
Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан тоғызқұмалақ ойыны қазір кең тарап, замана талабына қарай дамып келеді. Ойшылдар ойыны бүгін «ҰЛЫ ҚАЗАҚ ОЙЫНДАРЫ» этнофестивалінде де қыза түсті. Еліміздің әр өңірінен келген спортшылардың арасынан үздіктер топ жарды.
Ерлер арасында: Ә.Ермұхамед — Қызылорда облысы, Р.Керейбаев — Павлодар облысы, Б.Зкрияев -Астана қаласы
Қыздар арасында: Г.Базаралиева — Астана қаласы
С.Сапарбекова -Шымкент қаласы
А.Қожанәсіп — Қарағанды облысы

Пікір жазу